4 тарихы
Қаражанов Ержан Мағазыұлы
Қарыз алушы
Көп балалы әке, алты бала тәрбиелеп отыр.
2008 жылғы наурыздан бастап "Береке" МҚҰ-ға жүгінген.
Бастапқыда Ержан Мағазыұлында бір-екі биесі болған. Кейін 17 бие, ІҚМ — 15 бас болды. Соңғы микрокредит мал басын көбейтуге пайдаланылды.
Семей қаласында қымыз сатумен айналысады, сондай — ақ Астана, Алматы, Павлодар қалаларынан қымыз әуесқой тұрақты клиенттері бар.
2020 жылы Семей қаласында пәтер сатып алды. "Балалар өсіп келеді, білім беру керек, сондықтан жалға алмау үшін Семей қаласынан пәтер сатып алуды шештім", - дейді Ержан Мағазыұлы
2022 жылы қарыз алушы "Тойота Эстима" минивэнін сатып алды (отбасы үлкен болғандықтан).

Негізгі қызмет
Қымыз сату, жолаушылар тасымалы, жылқының етін сату.